ЖГРЭС электрэнергиясы мемлекеттік дотация берілмесе үш есе жоғары бағамен жіберіледі - "ҚазТрансГаз"

Бұл жөніндегі хабарламаны "ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі таратты.

"Егер ЖГРЭС -ның датациясыз жұмыс істеуі туралы шешім қабылданатын болса , ал жанар майдың орнына бұрынғысынша, өткен жылғы бағамен 40:60 сәйкестікпен газ немесе мазут қолданылатын болса , станцияның электрэнергиясының өзіндік құны Қосалқы құн салғын есептемегенде сағатына бір кВТ 5,42 теңге болады",-деді С.Сұлтанғалиев. "Біз қорқытып отырған жоқпыз, бұл аса жағымсыз, бірақ біз үшін шарасыздықтан жасалатын қадам болады",-деді ол.

"Біз қазір станцияның бір кВТ/сағ электр қуатының бағасын 1,8 ден 2,9 теңгеге дейін үкімет ұсынған бағаның деңгейінде ұстап тұрмыз",-деді С.Сұлтанғалиев. Алайда, оның айтуынша, бағаны осы деңгейде сақтап қала отырып, ГРЭС жұмысын қамтамасыз ету үшін кем дегенде 9,9 млрд. теңге қажет болады. Ал үкімет небәрі

2 млрд. теңге бөлетінге ұқсайды.

Энергетиктердің мәліметінше, биылғы қыс мауысымында станция бес блокпен жұмыс істеу режимде 830 МВт электр қуатын өндіреді деп күтілуде.

Бұл Оңтүстік аймақты, яғни Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Алматы облысы мен Алматы қаласын жарықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Электр қуатының тапшылығын "Солтүстік-оңтүстік" жүйесі толықтырады деп сенуге болмайды. Алдағы күз қыс мезгілінде КЕGОС ЖГРЭС-тің қатысуынсыз Оңтүстік Қазақстанда 740 МВт көлемінде қуат тапшылығын болжап отыр, бұл Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облысы тұтынатын электр қуатымен парапар. Аймақты күз -қыс мезгілдерінде ЖГРЭС-тің қатысуынсыз жарықпен қамтамасыз ету мүмкін емес",-дейді С.Сұлтанғалиев.

Оның айтуынша, осыдан бір жыл бұрын станция жұмысына дотация түрінде үкімет 2,2 млрд. теңге бөлген. Алайда, жанар-жағармай бағасының күрт өсуіне байланысты бөлінген қаражат 10 қаңтарға дейін жұмсалып кеткен, содан кейін "ҚазТрансГаз" өзінің қаражатынан 2 млрд. 407 млн. теңге көлемінде несие бөлген. "Бірақ компанияның бұл шығынын үкімет өтемеді",-деді С.Сұлтанғалиев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті