«Жібек жолы - 2014» раллиінің үш кезеңі Қазақстанда өтеді

Жарыстар 4 шілдеде Мәскеудегі Қызыл алаңда басталып, 12 шілдеде Астанада аяқталады. «Мәскеу-Чебоксары-Қазан-Бугульма-Орал-Бейнеу-Атырау-Астрахань» жолбағытының жалпы ұзындығы 5 мың шақырым. Әуелде оның 3,5 мың шақырымы арнайы учаскелер арқылы өтіледі деп жоспарланған болатын, қорытындысында арнайы учаскелер ұзындығы 3 мың шақырымға дейін қысқарды.  

«2014 жылғы ралли жолбағыты мүлдем жаңа, үш кезеңі Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Оған қатысушылар «Жібек жолы» раллиінен зор қанағат алады», деген Лекиеннің сөзін келтірген раллидің баспасөз қызметі.

 «Жібек жолы» 2009 жылдан бері Ресей, Қазақстан және Түрікменстан аумағында өткізіліп келе жатқан халықаралық ралли-рейді. Раллиге жол талғамайтын және жүк машиналары қатыстырылады.