Жібек жолы қорының бірінші жобасы Пәкістандағы гидроэнергияны дамытуға бағытталады

Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Исламабадқа жасаған мемлекеттік сапарының барысында жария етілді, деп хабарлайды қытайлық БАҚ.

«Қор China Three Gorges South Asia Investment компаниясының қаражатын Пәкістандағы «Карот» гидроэнергия жобасын және таза энергия саласындағы басқа ұлттық жобаларды дамыту үшін China Three Gorges бірлестігінің бөлімшесіне жібереді», - делінген қытайлық-пәкістандық бірлескен мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, Жібек жолы қоры 2014 жылдың желтоқсан айында «Жібек жолы экономикалық белдеуі» және «21-ші ғасырдағы теңіздегі Жібек жолы» бастамаларын іске асыру мақсатында құрылған. Оның каржылық қоры 40 млрд. долларды құрайды.