«Жиендердің сыйлығы»: Мерейтойында доллардан шапан киген ер адам көпті сүйсінтті (ВИДЕО)

Көпшілік жиендерінің нағашыларына берген сыйлығына риза болған, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болған видеода ер адамның мерейтойында доллардан шапан киген сәтін анық көруге болады. Сонымен бірге онда ерекше шапанды оған жиендері сыйлағаны айтылады.

Жазба авторы: «Шапан кисеңіздер, тек осындай болсын. Қазақтардың тойдағы креативі жыл санап дамып келе ме қалай? Қанша доллардан жасалған шапан деп ойлайсыз? Бәрекелді! Жиендер жарады» деп жазған.

Желі қолданушылары да жиендердің бұл сыйына дән риза болған. Олар:

«Жиендер жарады. Баягыда жиен - ел болмас, желке- ас болмас» дейтін еді. Жиендер ел екендiгiн корсеттi.Жиендер байи берсiн», «Несіне дарақылық деп сынап жатсыздар? Қолында болса бере берсін», «Жиен болған соң осындай болсын, жарайсыздар», - деп жазды олар.


Loading...