Оқиға қонақ үй кешенінде орналасқан косметика сататын бутикте болған. Бұл туралы оқиғаға куәгері сатушы Наталья Васильева мәлімдеді.
Оның айтуынша, Теміртау тұрғыны сатушы болып жұмыс істейтін қызбен ұрсысып қалған соң оның жұмысына келген. Қыз жұмыста болмаған соң әріптесінен қыздың мекенжайын айтуды талап еткен. Онысынан ештеңе шықпаған жігіт бензин құйылған бөтелкені алып үстіне құйып, өрт қойған. Денесін күйік шалған ол қайтыс болды.