Халық Қабатовтың отбасын тастап, жас әйелге кеткенін жарыса жазуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Мөлдір Мұқанова отбасындағы бар шындықты журналист Анна Данчекоға мәлімдеді.
"Қазір халықтан жасыратын ештеңе қалмады, сөздің шыны керек. Отбасымызда болып жатқан жағдайды кішкене бір жігітіміздің абыройы үшін деп, кішкене бір сабырлық сақтап келіп едік.
Халықтың арасына шығып кетті. Оның ақиқатын ашып айтпаймын мен. Халық өзі-ақ біліп алады бәрін. Бәрі жақсы, ештеңеге уайымдамаңыздар.
"Мөлдірге жаман нәрсе жаза бермеңдерші, қазақ айтады, қыз балаға тие бермеңдер деп. Қыз баланы қолдаңдар дейді.