«Жігіттер күлмеңдер, өздеріңмен бірге тампон, прокладка алыңдар». Ресей әскерінің мүшкіл халі шошытты (ВИДЕО)

Бірақ ондағы сөздер адам шошырлық. Аталған видео елдің елдің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Видеода әскери әйел Украинаға бара жатқан солдаттарға былай дейді:

«Өздерімен бірге ұйқтайтын қап алыңдар. Кез келген жерде ұйықтайтындарың анық.

Сондай-ақ, дәрі-дәрмек алыңдар. Көлікке арналған аптечка тауып, сол жерден жарақат байлағанға «жгут» алыңдар. Сосын жігіттер күлмеңдер, аналарыңнан, әйелдерінен прокладка сұраңдар, ең арзаны болады және ең арзан тампон алыңдар. Тампон не үшін керек екенін білесіңдер ме? Оқ тисе жарақатқа тампон тығасыңдар. Ол ісініп, қанды сыртқа шығармайды. Жігіттер мен мұны Шешенстаннан бері білемін», -дейді видеодағы әскери әйел.

Оқырмандар: «Мақтаулы Ресей армиясының сиқын қара, масқара», «Міне орыс әскерінің сау-тамтығы қалмаған деген сөз», «Жаралансаң өлдім дей бер», Осы түрімен әлемді қаратамыз деп жүр, ал ендеше", «мына жағдайда қалай соғысайын деп жүр», «Орыс әскері біткен екен, мыналар ет болып туралады ғой», деген сынды пікірлер жазды