Жігіттер тобының продюсері 4 990 теңгеге кітап сатып, 30 миллион теңгені ұтысқа тікті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Енді продюсер осы олқылықтың орнын толтыру үшін байқау ұйымдастырып жатыр. Express Qazaqstan тілшісіне сұхбат берген ол кітап сатудың жалғыз жолы осы екенін алға тартады.

Продюсер 4 990 теңгеге кітап сатып, құны 30 миллион теңгеге бағаланатын люкс санатындағы көлікті ұтысқа тікті. Бір емес төрт бірдей көлік. Одан бөлек, iPhone және 200-ге жуық тұрмыстық техника мен бағалы сыйлықтар да ойнатылады. Бұл не деген батпан құйрық? Елімізде арнайы келісім-шарт жасамай Instagram-да лотерея өткізуге тыйым салынған. Сонда сіз заңға бағынбайсыз ба?

"Мен өз еңбегімді сатып жатырмын заңнан асып, артық дүние жасап жатқан жоқпын. Заңгерлермен ақылдастым. Кітабымды жарыққа шығару үшін қалтамнан 15 миллион теңге шығын шығардым. Оны ешкім маған қайтарып бермейді. Халық алданбайды, менің кітабымды алғаны үшін алданып қала ма? Мақсатым тек кітап сату. Егер сатып алған адам ұтысқа ие бола алмай қалса, ол адам қайырымдылық жасады. 4990 теңгеге екі стақан кофе алайын десең "жете ме, жетпей қала ма?" деп ұяласың. Қазір көп ақша емес", — дейді продюсер Ерғали Әбдірайымов.


Ерғали кітабында "Жігіттер" тобының жүріп өткен жолы, қоғамдағы ер азаматтың міндеті мен жауапкершілігі жайлы тарқатып жазған.

Ұл тәрбиелеп отырған ата-аналар оқысын, еркектің мінезін насихаттап, әкелер өз рөлін дұрыс атқарса екен деген оймен, темірдей тәртіппен еңбектеніп, адал жолда жүрсе екен деген жақсы тілекпен жалпақ жұртқа осы кітапты ұсындым,

— дейді продюсер.

Өткен жылы Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаның жарнамасына иланған 40 адам миллиондарынан айырылған еді. Халықтың ерке қыздары Роза мен Ақботаның ұтысы инвестициямен жалғасты. Әншілердің танымалдылығына сеніп, абыройына үтім артқан қарапайым халық 300 мың теңгеден 5 миллионға дейін инвестиция құйып тақырған отырған болатын.