"Жиіркенішті": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі балаларына алимент төлемеуі үшін оның неге барғанын жайып салды

Бұл туралы Сaravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы Назым Қаһарман өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Жоғарғы сот Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру жөніндегі шағымды қараудан бас тартқан. Кейін экс-министр алимент мөлшерін азайтуды сұрап, төлеуге мүмкіндігі жоқ екенін айтқан.

“Менің адвокаттарым құжатпен дәлелдеді: Қуандық әлі 15 жыл бойы алимент төлей алады. Бишімбаев өз мүлкін жасыру үшін оны жақында 26 жасқа толатын ұлының атына жазды. Өзіңнің балаңа қамқорлық жасау, әрине, керемет. Бірақ кәмелетке толмаған балаларыңа алимент төлемеу үшін мүлкіңді кәмелетке толған ұлыңнынң атына жазу – өте жиеркенішті әрекет ”, — деді ол.

Назым Қаһарман бұл уәжді жоққа шығарып, адвокаттары Бишімбаевтың алиментті алдағы 15 жыл бойы төлеуге қабілетті екенін дәлелдегенін жеткізді. Оның сөзінше, экс-министр мүлкін жасырмақ болып, бірқатар активтерін кәмелетке толған ұлының атына рәсімдеген.

Бишімбаевтың адвокаты бұл әрекетті әке мен бала арасындағы байланыспен түсіндірді. Алайда сот Назым Қаһарманның пайдасына шешім шығарып, бұрынғы келісімге сай алимент төлеу міндетін күшінде қалдырды.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 2023 жылы жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталған.