Бұл туралы "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған Caravan.kz хабарлайды.
Шоу бизнесте бетімен кеткен сылқымдарға халық әртісі ашулы екенін жасырмады.
"Естіп жатырмын. Өте бір ыңғайсыз сахналар түсіріліп жатыр. Бұның барлығы біздің эфирден көрсетіліп жатса, демек керек болып жатқан шығар. Алла тағала бізге бойымызды сұлу қылып жаратса, оны міндетті түрде ашып тастау керек деген сөз емес. Алла тағаланың берген сұлулығын өзің үшін пайдалан, сұлулықты қастерлеп, қадірлеп сақтай білу керек. Ол ашып тастау дұрыс емес, бірнеше 4,5 әншіге қатысты нәрсе бұл. Оларды қазақ болғаны үшін жақсы көремін, бірақ анадай бейнебаянды көру расымен де жиіркенішті." - деп халық әртісі өз пікірін білдірді.