Құжатқа Қазақстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің бейсенбі күні Бурабайда өткен 27-ші пленарлық мәжілісі аясында қол қойылды.
Меморандумға ҚТЖ президенті – басқарма төрағасы Асқар Мамин, Ресей Жинақбанкісінің президенті, басқарма төрағасы Герман Греф, қазақстандық «еншілесінің» басқарма төрағасы Александр Камалов қол қойды.
"Меморандум мақсаты ,мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесінде қаржыландыруды ұйымдастыру, ҚТЖ компанияларының жобаларына қолдау көрсету және қаржыландыру болып табылады. Бұл жобалар көліктік-логистикалық инфрақұрылым, ішкі және сыртқы терминалдық жүйені дамытуға бағытталған. Бұл жобалардың алдын-ала мөлшерленген құны 3,6 млрд долларды құрайды", - делінген Жинақбанк пен ҚТЖ-ның бірлескен баспасөз хабарламасында.
Меморандумда сондай-ақ Жинақбанктің ҚТЖ-ға транзакциялық бизнес пен саудалық қаржыландыру бойынша да қызмет көрсетуі қарастырылған.