ЖІӨ нақты өсімі 2008 жылы 5,3 % дейгейінде болады деп болжануда-Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

"Нақтыланған есеп- қисаптарға сәйкес, 2008 жылы ЖІӨ нақты өсім қарқыны 5,3% деңгейінде болады деп күтілуде, бұл биылғы жылдың басында қаржы агенттігі, Ұлттық банк және үкіметтің бірлескен мәлімдемесінде орта мерзімді кезеңге белгіленген 5-7 % өсім параметрлері жөнінде айтылған болжамдарына сәйкес",-деді Б. Сұлтанов.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшысы атап өткеніндей, "Қазақстанның экспортқа шығаратын тауарлары мен мұнай бағасының айтарлықтай көтерілуі экономикалық жағдайға оңтайлы әсер беріп отыр".