Жұма күні таңертең жедел қызметкерлер күдіктіні Үшаралда ұстады, ол Алакөл ауданының полициясына жеткізілді.
"Алакөл аудандық полициясының тергеушілері 10 жастағы балаға қарақшылық шабуыл жасап, пышақ жарақатын салу фактісі бойынша алдын-ала тергеу амалдарын жалғастырып жатыр. Іс сондай-ақ облыстық департаменттің бақылауына алынды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.
Бала аудандық ауруханада жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 29 мамырда 10 жасар бала пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қылмыскер баланың ата-анасы жоқтығын пайдаланып, үйге алдап кіріп, 20 мың ұрлап кеткен.
Бала полицейлерге шабуыл жасаған адамның сыртқы келбетін сипаттап бере алған.