ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедо» кезекті қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Ойынның бірінші кезеңінде «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері қарсыластардың қақпасына үш бірдей шайба соғып, алға шықты. Екінші кезеңде есеп өзгермеді. 3:0. Ал үшінші кезеңде Өскемен қаласының хоккей клубы шайбаларды қарша боратып, тағы үш шайбаны соғып кетті. «Буран» оның бәріне тек бір шайбамен ғана жауап бере алды. Қорытынды есеп - 6:1.


Сөйтіп, «Қазцинк-Торпедо» тағы үш ұпайды олжалап, жалпы турнирлік кестеде оқ бойы озық тұр. Команданың еншісінде 30 ұпай бар. Ал лига чемпионы - «Торос» одан 8 ұпайға қалып келеді.