ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедоның» бүгінгі қарсыласы - «Нефтяник»


Олар өз алаңында «Нефтяник» командасын қабылдайды.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазцинк-Торпедо» Волжск қаласының «Ариадасын» (бұрынғы «Ариада-Акпарс») 1:0 есебімен жеңіп, алғашқы үш ұпайын олжалаған болатын. Ал, оның  қарсыласы - «Нефтяник» (Альметьевск) әлі  бірде-бір рет ойнаған жоқ. Яғни, бүгін олар  Жоғары хоккей лигасының жаңа маусымы аясындағы алғашқы матчтарын өткізеді.

Ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 18:30-да басталады.