Ойынның басында алаң иелері есепті бірінші болып ашса да, алғашқы кезең аяқталғанша, «Сарыарқа» қарсыластың қақпасына 4 (!) бірдей шайба соғып, есепті 4:1-ге дейін жеткізді. Екінші кезеңде «Буран» есеп айырмасын бір шайбаға қысқартты. Алайда Қарағанды қаласының хоккей клубы тағы бір шайба соғып, таразы басын 5:2-ге апарды. Үшінші кезеңде қарсыластар үшінші шайбасын соғып, соңғы минуттарда қақпашысыз таразы басын теңестіруге де тырысты. Бірақ «Сарыарқа» бос тұрған қақпаға алтыншы шайбаны соғып, жеңімпаз атанды. Қорытынды есеп - 6:3.
Айта кетейік, осы ойыннан кейін «Сарыарқа» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде 7-ші орынға көтерілді, Оның еншісінде барлығы 37 ұпай бар.