Осы уақытқа дейін «Липецк» 19 матч өткізіп, барлығы 23 ұпай жинады. Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде бұл команда 23-ші орында тұр. «Сарыарқа» да 19 ойын өткізді. Алайда оның еншісінде 32 ұпай бар. Соның арқасында Қарағанды қаласының хоккей клубы жалпытурнирлік кестеде 12-ші орында келеді.
Айта кетейік, Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген Қазақстанның тағы бір командасы - «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы кеше буллит сериясында «Саров» командасына жол беріп қойды.