Жоғалған балықшылардың мәйіті Зайсан көлінен табылды

Зайсан көліне кеткендердің бірі өңірдегі ірі металлургиялық кәсіпорынды басқарған. Юрий Ситников Риддердегі тау-кен байыту кешенінің басшысы болса, оның әріптесі шахтада үңгуші болып қызмет атқарған екен. Көл жағасынан бос қайық табылған соң дабыл қағылып, құтқару қызметі әуесқой балықшыларды жабыла іздеген болатын. Маңай түгел тікұшақпен барланып, тіпті Зайсан көлі мен Ертістің түбіне дейін шарлаған. Ақыры мәйіттер 3 метр тереңдіктен табылды. Болжамдарға қарағанда, қайық артық салмақты көтере алмай аударылған. Ал мұздай суға құлаған азаматтар қайыққа қайта міне алмай, жағаға да жете алмай қалса керек. Оның үстіне, екеуі де құтқару кеудешелерін кимеген екен.


Анатолий Рожков, ШҚО ТЖД қызметкері:

- Кез келген епсіз қимыл жасалған сәтте қайық аударылып кетуі мүмкін. Қозғалтқышы жұмыс істеп, қайық жүре берген. Ал адамдар суда қалды. Киген киімдері де балық аулауға арналмаған. Бірден ылғалғанып, оларды төмен қарай тартқанға ұқсайды.