Жоғалып кеткен балықшылар тірі табылды


«Дүйсенбі күні сахалин уақытымен 23:50-те  бес балықшы қарда жүргіш көлікпен Поранайскіге оралды»,-делінген хабарламада.

Олар 3 сәуірде осы аумақтағы Владимирово өзеніне  балық аулауға аттанған. Бірақ  жексенбіге дейін келмеген. Дүйсенбіде олардың туыстары ТЖМ-ға көмекке жүгінді. Сол күні іздеуге бір топ құтқарушы шұғыл аттанған болатын, деп хабарлайды "Интерфакс".