Жоғарғы лиганың Б тобындағы ақтық турында қызылордалық аса тартартысты ойын өрнегін көрсетуде

Қызылордалық «Қорқыт АТА ҚМУ» бүгінгі ойында алаң қожайындары - «Тараз-ТарМУ» командасын ұта алса, үздік үштікті тізерлеткен жалғыз әуе допшылар болмақ. Бұл турнир кестесіндегі жалпы ахуалға өзгеріс енгізе алмағанмен, ел чемпионатындағы ең тартысты өткен туры боп қалмақ. Олар бұл кезеңде өткен 4 турда 47 ұпаймен турнир кестесінде өздерінен бір саты жоғары тұрған хромтаулықтарға ғана («ТНК Қазхром-2») 1:3 есебімен ұтылды. Онда «Семей» - 74, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» (Өскемен) - 63, «Тараз-ТарМУ» - 61, «ТНК Қазхром-2» - 47, «Қорқыт-Ата ҚМУ» - 36, «ВСМК-Арселормиттал» (Теміртау) - 35, «КИнЭУ» (Қостанай) - 11, «Астана» - 9 ұпай жинаған болатын.

Семейліктер бұл жолы қызылордалықтар ( 2:3) мен өскемендіктерге» (1:3) есе жіберді. Өскемендіктер қызылордалықтар (2:3) мен тараздықтардан (2:3) айласын асыра алмады. Тараздықтар хромтаулықтар мен семейліктерге 1:3 есебімен ұтылды. Хромтаулықтар болса, өскемендіктер (0:3) мен семейліктерден (1:3) ойсырай жеңілді.