"Әбдірашит Жүкенов еліміздің сот жүйесінен шыққан адам",- деді М.Нәрікбаев.
Ол осы орайда Ә.Жүкеновтың өз кәсіби қызметін сот мәжілістерінің хатшысынан бастап, сот үкімін орындатушы, аудандық, облыстық және ҚР Жоғарғы сотының судьясы , Шығыс Қазақстан облыстық сотының алқа төрағасы болғанын еске салды. Ә.Жүкенов ҚР Бас прокурорының орынбасары қызметін 4 жылдан бері атқарып келеді.
"Әрине, оны тағайындау немесе тағайындамау мәселесін президент пен парламент сенаты шешеді, бірақ Жоғарғы сот кеңесі бұл шешімді мақұлдап отыр",- деді Мақсұт Нәрікбаев. Жоғарғы сот кеңесі төрағасының айтуынша, ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына 4 үміткердің аты ұсынылған. Бірақ кеңес төрағасы олардың аты-жөнін атаған жоқ.
Отырыс барысында ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына ұсынылатын үміткермен бірге ҚР Жоғарғы сотының судьясы, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы сынды бос жұмыс орындарына ұсынылатын үміткерлердің мәселесі қаралады. Сонымен бірге облыстық және оған теңестірілген соттардың судьясы лаазымын иемденетін адамдар байқау нәтижесінде іріктелмекші.