Жоғарғы сот кеңесінің отырысы: 24 судья отставкаға кетті

Еліміздің Жоғарғы сот кеңесінің мүшелері биылғы маусымды қорытындылап, келер жылға дайындаған жоспарларын айқындап алды, - деп хабарлайды Zakon.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап. 

Атап айтсақ, Елбасының сот жүйесіндегі кадрлық саясат мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы талқыланды. Сондай-ақ келелі жиында кеңес төрағасы Анатолий Смолин еліміздің 24 сотының отставкасын қабылдады. Бірі зейнет жасына байланысты жұмыс орнын босатса, енді бірі жаңа қызметке ауысты.

Дегенмен олардың орнына бірден жаңа қызметкерлер тағайындалған.