Мұндай пікірін кеше "Азаматтардың әділеттілікке қол жеткізуі" тақырыбандағы "дөңгелек үстел" барысында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы Раиса Юрченко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
"Жазасының жартысын өтеген әрбір азамат қандай да бір іс-әрекеті үшін өзінің мерзімінен бұрын шартты босатылуы туралы мәселені сотта қаратуға құқығы бар",- деп еске сала кетті Раиса Юрченко.
Бірақ, оның айтуынша, "мұндай жағдайда әділеттілікке іс жүзінде қандай да бір түзету мекемесінің әкімшілігі "іріктеп алған" сотталушы ғана қол жеткізе алады". "Естеріңізге салып кеткен түзетулерден кейін сотталушы мен соттың арасындағы тағы бір "кедергі" ролін прокурор атқаратын болды",- деп санайды Раиса Юрченко.
"Мен бұл тәртіптің соттардың мерзімінен бұрын шартты босатуға, науқасына байланысты босатуға байланысты дұрыс емес шешім қабылдаған іс-қызметіндегі қателікке байланысты екендігін түсінемін",- деді судья. "Бірақ тағайындалған жаза мерзімінің бір бөлігін өтеген және де оларды мерзімінен бұрын шартты босату туралы мәселесін сотта қарауға құқығы бар белгілі бір тұлғалар санатының әділеттілікке қол жеткізуіне шектеу жасамай, соттардың әділ шешім шығарулары үшін жұмыс жасап, соттарға басқа әдіспен әсер ету керек", деп қосты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті