Жоғарғы сот жүргізушілердің кәулігіне талон енгізу жөнінде үкіметтің шығарған қаулысына қатысты шағымды қанағаттандырмады

"Нұрхат Жұмабековтың "үкіметтің 1997 жылғы 25 қарашасында қабылданған №1650 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" үкіметтің 2007 жылдың 9 қаңтарындағы №6 қаулысының заңдылығына қатысты берген шағымы қанағаттандырылмайды ", - деп мәлімдеді жоғарғы сот судьясы Николай Мамонтов соттың шешімін жариялап.

"Сот үкімі жарияланған күннен бастап күшіне еніп, қайта қаралуға жатпайды", -деді ол.

Бұдан бұрын хабарлағанындай, Н. Жұмабеков көлік жүргізушілердің кәулігіне талондарды енгізу жөнінде "үкіметтің 1997 жылғы 25 қарашасында қабылданған №1650 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" үкіметтің 2007 жылдың 9 қаңтарындағы №6 қаулысының заңдылығына қатысты сотқа шағым түсірді.

Оның пікірінше бұл қаулы Конституцияның 14, 39, 61 баптарына қайшы келеді. Тілші хабарлағанындай, шағым түсірген Абай қаласының тұрғыны Нұрхан Жұмабеков өзінің талабын былай жариялады: "үкімет Конституцияның 39-және 61 баптарын бұзып, өзінің құзырын асыра пайдалана қаулы қабылдап, нормативтік-құқықтық актілері арқылы менің құқығымды шектеді дегенді соттың растауын сұраймын".

"Сондай-ақ, бұл қаулы "Жол қауіпсіздігі жөніндегі" заңның 16-бабында қарастырылған көлік жүргізу құқығымды бұзып отырғанын растауды өтінемін", деген еді шағымданушы.