"Нұрхат Жұмабековтың "үкіметтің 1997 жылғы 25 қарашасында қабылданған №1650 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" үкіметтің 2007 жылдың 9 қаңтарындағы №6 қаулысының заңдылығына қатысты берген шағымы қанағаттандырылмайды ", - деп мәлімдеді жоғарғы сот судьясы Николай Мамонтов соттың шешімін жариялап.
"Сот үкімі жарияланған күннен бастап күшіне еніп, қайта қаралуға жатпайды", -деді ол.
Сот үкімін жариялаған судья атап өткеніндей "Жұмабековтың берген шағымында көрсетілген дәлелдер мен айғақтар және үкімет қаулысының шағымданушы көрсеткен заң актілерге сәйкес еместігі сарапталып, сот үкімет қаулысының ҚР көрсетілген заңнамалары мен конституцияға қайшы келмейді деген шешімге келді".
"Соттың пікірінше, Жұмабековтың шағымын қанағаттандыратын құқықтық негіз анықталмады ", - деп мәлімдеді судья Н. Мамонтов.
Бұдан бұрын хабарлағанындай, Н. Жұмабеков көлік жүргізушілердің кәулігіне талондарды енгізу жөнінде "үкіметтің 1997 жылғы 25 қарашасында қабылданған №1650 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" үкіметтің 2007 жылдың 9 қаңтарындағы №6 қаулысының заңдылығына қатысты сотқа шағым түсірді.
Оның пікірінше бұл қаулы Конституцияның 14, 39, 61 баптарына қайшы келеді. Тілші хабарлағанындай, шағым түсірген Абай қаласының тұрғыны Нұрхан Жұмабеков өзінің талабын былай жариялады: "үкімет Конституцияның 39-және 61 баптарын бұзып, өзінің құзырын асыра пайдалана қаулы қабылдап, нормативтік-құқықтық актілері арқылы менің құқығымды шектеді дегенді соттың растауын сұраймын".
"Сондай-ақ, бұл қаулы "Жол қауіпсіздігі жөніндегі" заңның 16-бабында қарастырылған көлік жүргізу құқығымды бұзып отырғанын растауды өтінемін", деген еді шағымданушы.