Жоғарғы соттың судьясы қызметтен босатылды

ҚР Жоғарғы сотының судьясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түсініктемесі бойынша қызметінен босатылды. Онда атап көрсетілгеніндей, "Б.Ахметов ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен өз өтініші бойынша отставкаға кетуге байланысты босатылады" делінген.

Сондай-ақ, Алматы қалалық сотының судьясы Болат Тохметов өз өтініші бойынша отставкаға кету түрінде қызметінен босатылды. Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы болып Марат Нұрбеков, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметіне Тілектес Барпыбиев тағайындалды.
Бұл тағайындаулар мемлекет басшысының жарлығына сәйкес жүзеге асырылды.