"Жоғары көрсеткішке жетуге тырыстым": павлодарлық түлек ҰБТ-да 140 балл жинады

"Оқу жылының басында қиын болды. Өйткені пандемияға байланысты бәріміз онлайн оқыдық. Ондай формат дәстүрлі білім беруге жетпейді ғой. Бірақ ұстаздарымыз барын салды. Сосын үшінші тоқсаннан бастап лицейге барып оқығанымыз жақсы болды", - деді Уәлиев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Данияр "Алтын белгіге" үміткерлердің қатарына кіреді. Сол себепті барынша жоғары ұпай алуды көздеген.

"Әрине, барынша жоғары көрсеткішке жетуге тырыстым. Бірақ 140 ұпай алғаныма толық сенім болған жоқ. Бірақ өзім барлық тапсырманы тексеріп, жауабын қарап шыққанда, шамамен, 140 болып тұрған", - деді лицей түлегі.