Жоғары лига: Тараздық волейболшылар мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды

17 сәуірде басталған бәсекеде тараздықтар («Тараз-ТарМУ») мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды. Қазір олардың қоржынында 33 ойыннан кейін 89 ұпай бар. Тараздықтардан атыраулықтар («Атырау-2») - 14, ақтаулықтар («Мұнайшы») - 16, хромтаулықтар («ТНК Қазхром-2») - 19, қызылордалықтар («Қорқыт-Ата-ҚМУ») - 53, қостанайлықтар («Қостанай») - 62, астаналықтар («Астана-Ұлан») - 66, өскемендіктер («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-3») - 86 ұпайға қалып қойды.

Бүгін Тараз-Өскемен, Ақтау-Астана, Хромтау-Атырау, Қызылорда-Қостанай командалары күш сынасуда. Бұған дейінгі турларда Атырау, Ақтау, Хромтау құрамалары өз қарсыластарына бірде-бір ұпай ұстатпаған болатын. Сондықтан күміс және қола жүлдегерлер ертеңгі ақтық ойында белгілі болады. Онда атыраулықтар тараздықтармен, астаналықтар хромтаулықтармен, қостанайлықтар ақтаулықтармен, өскемендіктер қызылордалықтармен кездеседі. Атыраулықтар екі рет 3:1 есебімен басым түсіп, екі рет - 2:3, бір рет 1:3 есебімен ұтылған болатын. Хромтаулықтар мен ақтаулықтар төрт ойында да қарсыласын ойсырата жеңіп, өскемендіктер бір рет ел чемпионатындағы жалғыз жеңісіне қол жеткізіп, қалған үш кездесуде 3 ұпайды толық өз қарсыласына ұстатқан.