Алғашқы 2 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрт» (36 ұпай) командасы бірінші орында келе жатыр. 2-3 орынды 30 ұпаймен Оралдың «Жайық-Конденсаты» мен Астананың «Ұшқын-Искрасы» бөлісуде. Оларды 27 ұпаймен Павлодардың «Ертіс» волейболшылары өкшелеп келе жатыр. Өзге командалар болса көшбасшылардан қара үзіп қалды. Мәселен, Қызылжардың «Есіл-Викториясында» - 20, алматылық «ЦСКА-Алматыда» - 10, «ҚазНАУ-да» - 8, ал «Атырау-2» қоржынында 7 ұпай бар. Жексенбі күні алғашқы сайыста турнир көшбасшысы көш соңында келе жатқан атыраулықтармен сынға түседі. Ал оралдықтар - «ҚазНАУ-лықтармен, астаналықтар - ЦСКА-шылармен, павлодарлықтар жарыс қожайындарымен шеберлік байқасады.