Жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 4-турында 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр


Олар «Астана 2» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс 2» (Өскемен) командалары. Ал өз жерлестерін («ЦСКА-ВКС») 3:1, шымкенттіктерді («Қазығұрт») 3:0 есебімен ұтқан Алматының «ҚазЭУ» командасы кеше астаналықтардан (0:3) ойсырай ұтылды. Ертең олар Талдықорған («Жетісу2») волейболшыларымен шеберлік байқасады. «Жетісулықтар» бұған дейін өскемендіктер мен астаналықтарға 0:3, алматылықтардың екінші командасына 2:3 есебімен есе жіберген еді. Ал «ҚазЭУ» (1:3) мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс 2» (0:3) спортшыларына ұтылған «ЦСКА-ВКС» енді «Қазығұртпен» күш сынасады.