Жоғары лиганың Б тобындағы ерлер командалары арасында волейболдан Қазақстан чемпионатының 2-туры өтеді

Бұған дейін 1-тур ойындары 11-17 қараша күндері Тараз мемлекеттік университетінің спорт кешенінде өткен болатын. Онда жарыс қожайындарының "Тараз - ТарГУ" командасы 19 ұпаймен турнир кестесінде үздік шықты. Одан бір ұпайы кем "Семейліктер" екінші, Өскеменнің "Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2" командасы (15 ұпай) үшінші орын алды. Ал барлық кездесуді жеңіліспен аяқтап, қоржынына бірде-бір ұпай сала алмаған қостанайлық "КИнЭУ" көш соңында қалып қойды. Олар енді 2-турдың алғашқы ойынын жарыс қожайындарымен өткізетін болады. Одан кейін алаңға "Тараз-ТарГу" мен "Астана", "Қорқыт Ата-КМУ", "ВСМК Арселормиттал", Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс 2" мен "Қазхром 2" командалары шығады.