Жоғары оқу орындарында есірткі таратуға байланысты мәселе күрделі болып отыр - Түймебаев

"Әсіресе студенттердің есірткі таратуға атсалысуы күрделі мәселеге айналды. Әрбір жоғары оқу орны қалалық Ішкі істер департаментімен тығыз байланыс орнатып, психотроптық заттардың таралу деректерін анықтауға көмектесуі қажет. Мұндай деректердің шығуының алдын алу үшін жоғары оқу орындары тәрбиелік жұмыстарды күшейтуі қажет", - деді министр оқу орындарындағы қылмыстық ахуал туралы өз сөзінде.