Жоғары оқу орындарының мамандары Алматыда бас қосып, жоғары білім беру жүйесіне несиелік технологияларды енгізу мәселесін талқылауда

Семинар аясында білім беру процессін несиелік технологиялар негізінде ұйымдастыруға және оқыту бағдарламаларын жасау ерекшеліктеріне байланысты сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ, несиелік технологиялар бойынша білім игеруші студенттердің білім деңгейін бақылау және бағалау, несиелік технологияларға көшуге байланысты білім беру процессін құрылымдық өзгерту жайлары да талқыланбақшы.