- Басқарма бастығы қызметіне қол жеткізу үшін «көкең» мен көп ақшаң болуы қажет. Сондықтан мемлекеттік қызметте уақытыңды кетіріп бос сандалудың қажеті жоқ деп шештім.
Ерлан Дүйсенбаев аудандық сотта жеңіп шыққанымен, былығы көп мекемені енді «желкемнің шұқыры көрсін» деп шорт кесті. Айтса айтқандай ақ, қаржы полициясы бүгін Қарағанды облыстық еңбек басқармасының бастығы мен оның орынбасары парамен ұсталған таспаны жұртқа жария етті. Тағы бір таспада Астана қаласының бас еңбек инспекторы қаржы полициясы таңбаланған теңгелермен қолға түскен. Бұлардың бәрі бұқараның мәселесін ақылы түрде шешуді жолға жақсылап қойған тәрізді. Қарамағындағы қызметкерді жалақыдан қағып парамен қалта қампайтып жүрген шенеуніктер тергеу абақтысына тоғытылған.