Жоғорку Кеңештің депутаттық мандатын төрт партия алады - сарапшылар

"Президенттік Халықтық "Ак-Жол" партиясы 60-70 орын алады. Қалған мандаттарды Исхак Масалиевтің Коммунистік партиясы мен парламенттің экс-спикері "Туран" демократиялық партиясының жетекшісі Тайырбек Сарпашев алады. Ал төртінші орынды банкир Болот Мариповтың "Глас народа" және құқық қорғаушы Топчубек Турғуналиевтің "Эркиндик" партияларының бірі жеңіп алады",- деді Н. Омаров.

Саясаттанушының пікірі бойынша, оппозиция күштері сайлау компаниясынан ығыстырылуы мүмкін. Оған оппозиция тарапынан биліктен сайлауды ашық өткізу жөніндегі талаптарына орай ұйымдастырылатын қарсылық шерулері түрткі болуы ықтимал. Сондай-ақ, қызғыз оппозициясы сайлау комиссиясы тарапынан көптеген заң бұзушылықтардың жасалғаны туралы және оппозиция өкілдеріне қысымшылық көрсетілуі жөнінде мәлімдеме жасаған.

"Біздің сайлаушыларымызға қысымшылық жасалып, оларды бопсалап, жұмыстан шығарып жатыр. Оппозициялық партия жетекшілеріне телеарна арқылы сөйлеуге мүмкіндік бермеуде . Сайлауға дейін бір аптадай уақыт қалды, ал біз өзіміздің сайлау алдындағы клиптарымызды көрсете алмай жүрміз", - деді агенттікке Жоғорку Кенештің экс-депутаты Кубатбек Байболов.

Ол атап өткеніндей, билік әкімшіліктің ресурстарын пайдаланып, сайлаудан бұрын, "билік партиясы мүшелерін депутаттық қызметке тағайындап жатыр". Оның пікірі бойынша, "Қырғызстанда КПСС-ті еске салатын, бір партиялық жүйені құру процесі жүріп жатыр".

Сонымен бірге, қырғыз оппозициясы жеңіске жетуден үміттері бар." Күмәніміз бар болса да, егер сайлау әділ өткізілсе, онда оппозиция үлкен жеңіске жетіп 70 пайыздан төмен емес дауысқа қол жеткіді. Бірақ, бүкіл мемлекеттік жүйе бір партияға ғана жұмыс істейтіндігін ескере отырып, қорытынды бұдан төмен болуы ықтимал", - деп есептейді экс-депутат. Егер сайлауда дауыс дұрыс саналмаса, онда оппозиция қарсылық шерулерге көшуге дайын.

"Көшедегі демократияның уақыты өтті", - деп санайды ММИХҚ профессоры, Мәскеу стратегиялық және саяси зерттеулер орталығының вице-президенті Ирина Звягельская. Оның пікірінше, жағдай өзгерген соң, режимнің өзіндік ерекшелігі де өзгеріске ұшырайды. "Президент Бакиев өзін өркениетті, орнықты басшы ретінде көрсеткісі келеді. Сонымен бірге, Қырғызстан билігінде оппозицияны билік құрылымына енгізудің тепе-теңдігін жасалды",- деді Звягельская.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті