Оқыс оқиға Булаев кентінде болды. Жылыту жүйесіндегі судың деңгейін бақылап тұратын темір бак үйдің шатырында орналасқан екен. Үскірік аязда онысы қатып қалып, су айналмай қалған. Ал темір пеш қатты қызудан қақ айырылыпты. Күшті жарылыстан үйдің бір қабырғасы да опырылып түскен. Оңбай күйіп қалған 53 жастағы үй иесі мен қонаққа келген екі жігіт қазір ауруханада жатыр.