Өткен жексенбіде Алматы-Термез жолында "Опельдің" 35 жастағы жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, "Нексиямен" соқтығысты, деп хабарлады дүйсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Полиция дерегіне қарағанда, жол апатына кінәлі жігіт сол жерде қаза болған. Ол көліктің бес жолаушысы, ішінде кәмілеттік жасқа толмаған екі қыз бала бар, аудандық ауруханаға жеткізілген.Зардап шеккен жолаушының бірі 53 жастағы әйел артынан реанимацияда қаза болған.
"Нексияның" жүргізушісі мен төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілген, олардың үшеуі Өзбекстан азаматтары.