Жол апатына қатысты автопарк лицензиясынан айырылуы мүмкін - Алматы


деп хабарлады қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.
Дүйсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, А.Есімов жол апаты автобустың техникалық ақауы салдарынан болды деген алдын ала жорамал расталған жағдайда "автопаркті маршруттан айыруды және тіпті қатаң жаза қолданып, лицензиядан айыруды тапсырған».
Алдында хабарланғандай, 18 қаңтар күні автобус жүргізушісі көлікке ие бола алмай, оншақты көлікпен соқтығысқан, бір жаяу адамды қаққан. Жол апаты салдарынан 9 адам жарақат алды, бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.