Жол апатына себепкер болған мас полицей қызметінен қуылды


Кеше ғана ғаламторда тараған мына кадрларда полковниктің тілі күрмеліп әрең тұрғаны анық байқалады. Арақ ішіп тізгін ұстаған Зиборов екі бірдей көлікті қағып өтіп, аялдамадағы автобусқа бір-ақ соғылған. Салдарынан қоғамдық көліктегі жолаушы жараланды. Ал шенді полицей алғашында формасын шешіп тастап, жауаптан сытылмақ болғанын да айта кетейік. Білдей басқарма бастығы жәбірленушілерге бар шығынды сол жерде-ақ өтеп бергенімен, тәртіптік кеңес оның бұл қылығын полицейге лайық емес деп шешті.