Жол апатынан 1 бала мерт болып, 3 бала ауруханаға түсті


Opel Vectra және Chevrolet Cobalt көліктерінің қақтығысуы салдарынан алты адам зардап шекті, олардың төртеуі - балалар, деп хабарлайды lada.kz. 

Бір бала оқиға орнында көз жұмды. 9 жасар ұл бала мен 7 жасара қыз бала жансақтау бөліміне жеткізілді. Тағы бір бүлдіршін травматология бөліміне жатқызылды.

Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Мұсақановтың айтуынша, балалар көптеген жарақаттар алған.

- Мұнда балалар кешкі сағат тоғыздар шамасында жеткізілді. Олардың өкпелері зақымданған, бас сүйектері ауыр жарақаттанған. Ұл баланы травматология бөліміне ауыстырдық, қыз бала әзірге жансақтау бөлімінде, - деді ол.

Әзірге апатқа кінәлілер аталмады. Тану жұмыстары жүргізілуде.