Жол апатынан үш адам тірідей жанып кете жаздады


Куәгерлердің сөзіне қарағанда, апат қас- қағым сәтте болған. Жоғары жылдамдықпен жүйткіген BMW-нің дөңгелегі жарылып, жолдан шығып кетіпті. Салдарынан ол жол жиегіндегі ағаштарға соғылып бір-ақ тоқтаған. Ал көлік ішіндегі жолаушылар жапырылып қалған темір тұлпардан өз күшімен шыға алмапты. Қол ұшын соң маңдағы жаяу жүргіншілер созған. Ал BMW дымы қалмай өртеніп кетті.