ТЖМ ақпараты бойынша, 5 ақпанда Жамбыл облысының Бесағаш ауылында сағат 14.00 "Ауди" жеңіл көлігі аударылды. Көлік апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.
Сонымен қатар, 5 ақпанда Қостанай-Рудный трассасында сағат 16.00 "ВАЗ 2115" және "Мерседес" көліктері соқтығысып, екі жолаушы қаза тапты. Ал "Мерседесте" отырғандар аурханаға жеткізілді.
Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Павлодар-Екібастұз трассасында "Камаз" және "Ауди" қақтығысқан. Жол көлік апаты салдарынан "Ауди" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. Сондай-ақ , "Аудида" отырған тағы да екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.