Жол ережесін бұзудан рекорд орнатқан келіншек көлігінен айырылды


«Хонда Цивик» көлігінің иесі, жол ережесін бұзудан қала бойынша рекорд орнатқан. 3 жыл ішінде 25 жастағы көлік жүргізуші әйел жол ережесін бұзғаны үшін 55 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Оның көлігі арнайы автотұраққа қойылды. Енді ол барлық айыппұлмен қоса, көлігінің арнайы тұрақта сақталғаны үшін ақы төлейді. Егер барлығын төлемеген жағдайда, көлігін сату үшін бағалау туралы қаулы шығарылады.