"Егер өткен жылдың қорытындысы бойынша жолдардағы апат жағдайының өсуі жол-көлік оқиғаларының саны бойынша 10,5 пайызға, қайтыс болғандардың саны бойынша - 26 пайызға және де жарақат алғандардың саны бойынша 11 пайызды құраса, үстіміздегі жылдың 21-шілдесіндегі жағдай бойынша жол-көлік оқиғаларының өсуі өткен жылмен салыстырғанда небәрі 1,6 пайызға, қайтыс болғандардың саны 8 пайызға өскен, ал жарақаттанғандар санының 1 пайызға төмендегені байқалады",- деді Ө. Түсімов.
"Өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары саны сияқты көрсеткіштердің 10 мың көлікке шаққанда 38-ден 31 оқиғаға дейін төмендегендігі байқалады",-деп қосты ол.
Сонымен қатар, комитет басшысы "біздің елемізде жалпы апат жағдайының бұдан әрі де төмендейтіндігіне нақты түрде сендіре алмаймын", деп атап өтті. "Егер автопарк күрт өсіп жатса, онда апат саны да өседі, бұл әлемдік тәжірибе",- деп түсіндірді Өмірзақ Түсімов.
Оның айтуынша, осыған баланысты жол қозғылысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты міндет "жол-көлік оқиғасының салдарының ауырлығын төмендету" болып табылады. "Бүгінде Қазақстанда апатқа ұшыраған 100 адамның 17-сі қайтыс болады. Бұл Ресеймен салыстырғанда сәл ғана жоғары көрсеткіш, онда бұл 18-ді құрайды. Бірақ сондай-ақ Данияда - жүз адамның 2-3 адамы, скандинавия елдерінде - 4-6 адамы қайтыс болады. Біз осы көрсеткіштерге жетуге тырысуымыз қажет",- деп қорытындылады Өмірзақ Түсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті