Жол полициясы комитетінің басшысы республикаға шеттен оң тізгінді көлік әкелуге салынған тыйымның тоқтатылуы мүмкін екендігін жоққа шығарды

"Оң тізгінді көлік әкелуге салынған тыйым тоқтатылмайды, себебі біздің елімізде оң жақты қозғалыс, осыған сәйкес тізгін оң жақта болуға тиіс",- деді Өмірзақ Түсімов. Ол сондай-ақ, "мұның шешілген мәселе екендігін, шеттен оң тізгінді көлік әкелу туралы мәселе бойынша кері қадамның жасалмайтындығын" айтып өтті.

Сонымен қатар комитет басшысы, Ішкі істер министрлігі үкіметтен 2010 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қазақстанда оң тізгінді көліктерді пайдалануға тыйым салатын заң жобасын кері қайтарып алып, одан аталмыш норманы шығарды. "Мен бүгін, Ішкі істер министрлігі 2010 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қазақстанда оң тізгінді көліктерді пайдалануға тыйым салуды қарастыратын заң жобасын кері қайтарып алып қана қоймай, оның аталмыш нормасыз жаңа нұсқасына келісімінің соңғы рұқсатын алып та қойғандығын және де оның үкіметке қайта енгізілетіндігін ресми түрде мәлім етемін",- деді Өмірзақ Түсімов.

"Яғни, елімізге үстіміздегі жылдың 29-қаңтарына дейін (елімізге оң тізгінді көліктер әкелуге тыйым салатын үкімет қаулысының заңды күшіне енген уақыт - агенттік ескертп.) шеттен әкелініп, тіркелген оң тізгінді көліктер толықтай тозығы жеткенше пайдаланылады",- деп нақтылады комитет төрағасы.

Ол сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің мұндай шешімге келуіне "оң тізгінді көлік жүргізушілерінің кінәсінан болатын апат жағдайларының жақсаруы" түрткі болған. "Егер өткен жылы осы санаттағы көлік жүргізушілерінің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасы санының өсуі бойынша - 149,4 пайызды, онда қайтыс болған адамдар саны бойынша - 140 пайызға және жарақаттанғандар санының өсуі - 113 құраса, үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығындағы көрсетілген көрсеткіштердің өсу деңгейі жол-көлік саны бойынша - 12 пайызды, қайтыс болған адамдар саны - 47,4 пайызды және жарақаттанғандар саны - 2,1 пайызды құраған,- деді Өмірзақ Түсімов. Комитет төрағасы мұны ... осындай көліктерді шеттен әкелуге тыйым салғаннан кейін және олардың қауіптілігі туралы жария еткеннен кейін оң тізгінді көліктердің жүргізушілері жолдарда жол тәртібін сақтай бастағандығымен байланыстырды".

Журналистердің аталмыш заң жобасы кері қайтарып алу өкілдері оң тізгінді көліктерді пайдалануға тыйым салу туралы шешімге бірнеше рет сын таққан "Нұр Отан" саяси партиясының бастамасымен байланысты емес пе деген сұрағына Өмірзақ Түсімов : " біз (Ішкі істер министрлігі - агенттік ескертп.) саясатпен айналыспаймыз, және де "Нұр Отан" партиясы үшін де, басқалар үшін де жауап бере алмаймын", - деп мәлім етті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті