Мысалы, дәл осы «600», «888» деген нөмірлерді 220 мың теңгеге сатып алуға болады екен. Ал, «001» немесе «777» бұдан сәл қымбаттау, 400 мыңның көлемінде. Кез-келген қарапайым тұрғынның қалтасы көтере бермейтін мұндай бағаны полицейлер салықшылар, Бас прокуратурамен бірге келісіп қойып отыр екен. Тіпті,бағаны бекітіп, күзде қабылданатын «Жол ережесі » туралы заң жобасына да енгізіп үлгеріпті.
Жазира Өтепбергенова, ҚР Жол полициясы комитетінің аға инспекторы:
- Аталған заң күшіне енген соң, әрбір азамат үйінде отырып, интернет арқылы немесе жол полициясының бөлімдеріне өтініш жазу арқылы ұнаған нөмірін деректер базасынан қарайды. Мүмкін ол нөмерді басқа біреулер алдып қойды ма соны қарап, аталған соманы мемлекеттік бюджетке өткізген соң, сол нөмірді ала алады.