Жол қозғалысының ережелерін бұзғаны үшін жазаны қатайтатын түзетулер 25 шілдеде күшіне енеді

Орталық басшысының айтуынша, "бұл заң жол қауіпсіздігі саласындағы талаптарды күшейте түсетіндіктен, ол заңды күшіне енгенге дейін азаматтарға өзгертулермен танысуға мүмкіндік беретін арнайы уақыт қарастырылды".

"Бұл заң ресми түрде жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді. Заңның мәтіні ертең, 15 шілдеде ресми баспасөзде жарық көреді деп күтудеміз, яғни, ол 25 шілдеде күшіне енеді", - деді Б. Қожахметов.