Вице-министр Қазақстанның орталығын негізгі ірі өңірлерін сапалы жолмен қосу жобасы іске асырылып жатқандығына тоқтала келе: «Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында биылдың соңына дейін 5 млрд. АҚШ долларынан астам шетелдік инвестицияларды тартуды жоспарлап отырмыз. Негізінен бізбен жемісті жұмыс істеп отырған Дүниежүзілік банкпен, Еуропалық қайта құру және даму, Азия банкі және Ислам даму банкімен келіссөздер жүргізудеміз. Күзде тиісті келісімдерге қол қоямыз деп жоспарлап отырмыз», - деді ол Астанадағы «Еуразияны құру: Жібек жолының экономикалық белдеуі» атты халықаралық конференцияда.
Сонымен қатар ол 2020 жылға дейін 7 мың шақырымға тарта автокөлік жолдарын қайта құру мен құрылысын іске асыру жоспарланып отырғандығын атап өтті.