Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.
«Өздеріңіз білетіндей, жол сақшылары өткен жылдан бастап автопатрульдеу режиміне көшкен болатын. Демек, жол бойындағы көліктерді тоқтату автопатрульдеу режимінде жүзеге асырылады. Бірақ, автопатруль әрдайым қозғалыста болмайды, жаяу наряд жүріп бара жатқан көлікті тоқтата алады. Автопатрульдеу бағдары бойынша бізде апаттық әрі қауіпті участоктар бар. Ол жерде жол сақшылары ережелерді жаяу жүріп тексереді. Егер автопатруль мен жаяу наряд жолдың бойында тоқтап тұрып, жол ережесінің бұзылғанын байқаса, онда ол көлікті тоқтатып, тиісті шараларды қолданады», - дейді Әлібек Кеңіспаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
ҚР ІІМ өкілінің айтуына қарағанда, қолданыстағы заң бойынша көлік құралдарын заңсыз тоқтатуға болмайды.
«Егер көліктің заңсыз тоқтатылғаны анықталса, сіз сенім телефоны арқылы ІІБ-ге шағым түсіре аласыз. Әр жағдай бойынша бізде тексеру жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданады», - дейді ол.