Жолаушы тасымалдайтын ұшақтан табылған дүние - баланың ойыншығы болып шықты - құтқару қызметі

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, салмағы 3,8 кило болатын көк түсті пакет ұшақтың жүк қоятын бөлігінен табылған. Пакетке рентген сәулесін түсірген құтқару қызметінің саперлері онда сымдардың бар екенін анықтады. Пакеттен сағаты бар механизмнің дауысы шығып тұрған.

Ұшақтың бортында 200-дей жолаушы болған. Жолаушылар әуежай ғимаратына шығарылды.
Тексеру барысында әлгі зат Грециядан Алматы арқылы Петропавл қаласына транзитті жіберілген сәлемдеме болып шықты. Онда баланың ойыншық сағаты болған.